Экс-әкімнің жазасы жеңілдеді

672

0

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасы 15 күн ішінде жеңілдейді. Бұл туралы адвокат Ләззат Ахатова фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

– Қызылорда соты облыстың экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасының қалған бөлігін бас бостандығынан айыру түрінен шектеу түріне ауыстырды! Қаулы 15 күнде күшіне енеді. Ол деген сөз – енді түрмеде емес, отбасының қасында болады. Жазасының қалған бөлігін енді үйінде жүріп өтейді. Пробациялық бақылауда болады. Толық ақтамаса да, осының өзі күні-түні ұлының тілеуін тілеп, дүғасынан, намазынан тастамай отырған 86 жастағы анасы үшін, жары, бауырлары, балалары үшін – дәтке қуат, – деді адвокат.

Айта кетейік, экс-әкімге Арыс қаласына бөлінген қайырымдылық қорының 80 миллион теңгесін қолды қылды деген айып тағылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<