20 жастағы бойжеткен Тараз қаласынан аман-есен табылды

1060

0

Бойжеткен 26 қыркүйек түскі уақыт сағат 12.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды. Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көп қабатты шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары,саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер мен жалдамалы пәтерлер, ойын-сауық орындарында жоғалған бойжеткеннің фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Атқарылып жатқан жұмыстар Полиция департаментінің, Полиция басқармасының басшылығының қатаң бақылауында болды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 30 қыркүйек күні жоғалған 20 жастағы бойжеткен Тараз қаласынан аман есен табылып, ата-анасына тапсырылды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<