Құрылтай

Аудан әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтті

8

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте аудан аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық ахуалдың тұрақтылығы мен ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы, сондай-ақ елді мекендердегі интернет желісінің сапасын арттыру және байланыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.

Жиында жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді баяндады. Сонымен қатар көтерілген мәселелердің шешу жолдары талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды.

Аудан басшысы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұрғындардың өмірін қорғаудағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтіп, әсіресе жаз мезгілінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық іс-шараларды сапалы әрі мерзімінде орындау, ахуалды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін жеткізді.

Сонымен бірге аудан басшысы цифрлық инфрақұрылымды дамыту – халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтіп, елді мекендердегі интернет байланысының сапасын жақсарту, байланыс операторларымен бірлескен жұмысты күшейту және тұрғындардың өтініштері негізінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі