«Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік орман қоры аумағында сексеуіл екпелерін зиянкестерден қорғау мақсатында іс-шараларды жүйелі түрде жүргізді.
2026 жылы жүргізілген орман патологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Ұялы» және «Сарыбұлақ» орманшылықтарының мемлекеттік орман қоры аумағында сексеуіл галлицасының (сексеуіл құрты) таралу ошақтары анықталды.
Осыған байланысты орман зиянкестерінің таралуын шектеу және сексеуіл алқаптарының санитариялық жағдайын жақсарту мақсатында арнайы авиациялық әдіспен химиялық өңдеу (улау) жұмыстары ұйымдастырылды.
Жалпы 10 мың гектар мемлекеттік орман қоры жерінде сексеуіл галлицасына қарсы өңдеу жұмыстары толық көлемде жүргізілді.
Аталған іс-шаралар сексеуіл екпелерінің сақталуын қамтамасыз етуге, зиянкестердің жаппай таралуының алдын алуға және мемлекеттік орман қорының экологиялық тұрақтылығын сақтауға бағытталған.






