2022 жылдың демалыс күндері ауыстырылды

815

0

ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыратын қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» №713 Үкімет Қаулысына қол қойды. «ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етеді», — делінген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойған қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<