31,3 млрд теңге кері қайтарылған

699

0

1,7 миллионнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана алуға және емделуге жұмсаған. Бұл туралы БЖЗҚ сайты мәлімдеді.

«1 тамыздағы жағдай бойынша, зейнетақы қаражаты есебінен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 1 328 015 өтініш орындалды. Бұл мақсатта азаматтардың шоттарына жалпы соммасы 3,1 трлн теңгеден асатын қаржы аударылды. Әр азаматқа берілген зейнетақы қаражатының орташа соммасы – 2,4 млн теңге» делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Сонымен қатар, 380 мыңнан астам қазақстандық емделу үшін зейнетақы жинақтарын жұмсаған. «БЖЗҚ емделу үшін берілген 388 824 азаматтың өтінішін қарап, оларға жалпы соммасы 302,5 млрд теңге аударды. Орта есеппен әр азамат 800 мың теңге алды», – деп мәлім етті Қордың баспасөз қызметі. Зейнетақы қорының мәліметінше, аударылған ақшаны пайдаланбаған тұрғындарда аз емес. Мәселен, «Отбасы банкіне» аударылған 31,3 млрд теңге белгіленген мерзім ішінде пайдаланылмай, кері қайтарылған.

Бұл тағы қандай вирус?

Қытайлық және сингапурлық зерттеушілер генипавирустың бұған дейін белгісіз болған түрін анықтады. Вирусты 35 адам жұқтырған. Зерттеу New England Medicine (NEJM) медициналық журналында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейжің микробиологиялық эпидемиология институтымен Сингапур ұлттық университетінің ғалымдары бірлесіп дайындаған мақалада генипавирустың зоонозды, жануарлардан шыққан жаңа түрі адамдарға да жұғатыны және Шаньдунмен Қытайдың Хэнань провинциясынан анықталғаны жазылған. Авторлар вирусқа Ланъя (Langya henipavirus, LayV) генипавирусы деген атау қойған.

Аурудың негізгі симптомдары: қызба, миалгия, жөтел, шаршау, бұлшық ет ауруы және жүрек айнуы. Зерттеушілер әзірге вирусты ауыр өткізген не қайтыс болған адамды тіркемеді. Ланъя вирусы парамиксо вирустар тұқымдасына жатады.

Генипавирустың екі түрі адамға жұғатыны белгілі, ол – Нипах және Хендравирустары. Айта кетейік, дүниежүзінде генипавирусқа қарсы вакцина жоқ. Вирусты емдеудің жалғыз жолы – аурудың асқынуын болдырмау үшін жасалатын терапия.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<