42 500 теңге тағы төлене ме?

1610

0

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап күшейтілген карантин кезеңінде 42 500 теңге төленеді ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Барлық төлемақылар төтенше жағдай режимімен байланысты. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық азаматтар жұмысын жалғастыруы керек», – дейді Ералы Тоғжанов.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ режимі елімізде 16 наурыздан басталып, 11 мамыр аралығында тоқтатылған еді. Осы уақыт аралығында табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 мөлшерінде жәрдемақы төленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<