Қоғамдық бақылау: Қызылордада үйлестірушіге қалай хабарласуға болады?

687

0

Коронавирус пандемиясы кезінде медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалау үшін құрылған Қоғамдық бақылау тобының ел өңірлеріндегі үйлестірушілері анықталды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Л.Диас атап өткендей, енді өңір тұрғындары жедел жауап алу және кері байланыс үшін өз өңіріндегі үйлестірушілерге тікелей хабарласа алады.

Сондай-ақ ол Қоғамдық бақылау тобының мүшелері қандай жұмыс атқаратынын мәлім етті.

«Өзекті мәселелерді жинақтай және саралай отырып, Қоғамдық бақылау тобы өз қызметінің үш басым бағытын анықтады:

1. Медициналық мекемелердегі дәрігерлердің жұмыс жағдайына және емделушілердің емдік шараларына мониторинг жүргізу.
2. Гуманитарлық көмекті үйлестіруде мониторинг жүргізу.
3. Әлеуметтік және медициналық көмек көрсету бойынша азаматтардың құқығын сақтауда, сондай-ақ, пандемия жағдайындағы карантиндік шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу.

Біздің белсенділер міндетті түрде таным белгісімен (бейдждермен) қамтамасыз етілетінін ескертеміз.

Жақын арада азаматтарға Қоғамдық бақылау тобына жүгінуде ыңғайлы болуы үшін Telegram желісінде арнайы бот жасалады http://facebook.com/groups/covid19controlkz және http://www.instagram.com/covidkontrol парақшаларының жаңалықтарын бақылап отырыңыз», – деді ол.

Оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша Чебакова Ольга Константиновна – тел. 8 777 663 27 24; https://web.facebook.com/vip.chebakova

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<