Аудан әкімі базар мен дәріханаларды аралады

1016

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты.

Аудан басшысы алдымен жақында ғана өртенген орталық базарға барып, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Базар басшыларымен кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады. Мұнан соң бірқатар дәріханаларға соғып, сатушылармен сөйлесті. Дәріханада қазіргі таңда қандай дәрілер бар, олардың бағасы қандай екенін білді.

Сондай-ақ, осындай қысыл таяң уақытта халықты дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етіп, бағаны негізсіз өсірмеуді сұрады. Бүгінгі күні аудандағы дәрі-дәрмекке қатысты мәселе біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Дәріхана иелері аудан тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізіп отыр.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<