Облыстық ТЖД бастығы тағайындалды

2022

0

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Бағдат Данилов тағайындалды.


Ол Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы өрттен қорғау бөлімі №153 әскерилендірілген ӨСБ-де еңбек жолын бастаған.


Әр жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының Қызылорда қаласы № 11 ӨСБ қарауыл бастығы, осы басқарманың Жалағаш ауданы № 4 ӨСБ бастығының орынбасары, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы лицензиялау бөлімінің бастығы болды.

Қызылорда облыстық өртке қарсы қызмет департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімін басқарды.

Қызылорда облыстық ТЖД бастығының орынбасары, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары, Жамбыл облыстық ТЖД бастығы қызметтерін атқарған.

«Сб» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<