Әдеп жөніндегі кеңес құрамына жаңа мүшелер енгізілді

1091

0

Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы жаңа мүшелермен толықтырылды. Бұрын 9 мүшесі бар кеңес құрамы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен 11 мүше болып қайта бекітілді.

Бұл туралы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев мәлімдеді.

Кеңес құрамына «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйля Төрешова, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Ұстаз мәртебесі» газетінің және «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Нұрмаханов,«Сыр бойы» кәсіпкерлерді қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Данияр Жанзақов енгізілді.

Берікбол Байхожаев жаңа мүшелердің Кеңес жұмысын дамытуға үлестерін қосатынына сенім білдіріп,қызметтеріне сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<