Әдеп жөніндегі кеңестің қорытынды отырысы өтті

716

0

Бүгін кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев 23 қазанда және 4 қарашада өткен кеңес отырыстарында қабылданған шешімдердің орындалуымен таныстырды.

Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөнiндегi уәкiл Әліби Абиев 11 айда атқарған жұмыстары туралы онлайн форматта есеп берді. Есепті тыңдау қорытындысымен Қазалы ауданы әкімдігіне мемлекеттік тәртіпті күшейту, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.

Күн тәртібіне сәйкес, Қызылорда облысы прокуратурасының ұсынуымен Жаңақорған кентінің әкіміне қатысты жүргізілген тәртіптік іс қаралды. Қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуге Жаңақорған кенті әкімдігінің теңгеріміндегі қызметтік автокөлікке басқа автокөліктің көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып, кәмелетке толмаған Жаңақорған кенті әкімінің жасөспірім немересінің басқаруы негіз болған. Тәртіптік істі қараған кеңес мүшелері, лауазымды тұлғаның іс-әрекеттерін құқықтық жағынан бағалай отырып, көпшілік дауыспен кент әкіміне қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, кеңес отырысында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жеке және заңды тұлғаларды жергілікті жерлерде қабылдау кестесі бекітіліп, Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.

Айта кету керек, биыл ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің14 отырысы өткізілді. Оның 4-уі онлайн форматта ұйымдастырылды.

Кеңес отырыстарында 73 мәселе қаралды. Олардың 43-і тәртіптік істер, 30-ы профилактикалық бағыттағы мәселелер.

Кеңес мүшелерімен 94 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 200-ге жуық азамат түрлі мәселелермен жүгінген. Қоғамдық қабылдаулардың
15-і онлайн форматта жүргізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<