Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет – сенатор

426

0

Фото: kazgazeta.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова әділетті мемлекет құру үшін заң мен тәртіпке бағыну керектігін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдістерге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс сүреді. Яғни заң толық орындалса, төрт құбыламыз түгел болмақ деді Президент», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Одан бөлек, сенатор Мемлекет басшысының ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында сөйлеген сөзіне тоқталып, ондағы басымдықтарға тоқталды.

Оның пікірінше, елімізде жүзеге асып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар Қазақстанның әлемдік саяси аренадағы орнын айқындап қана қоймай, қоғамдық сананың өзгеруіне әкелуі тиіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<