Әкімдіктің қызметтік көліктері емханаларға берілді

495

0

Арал ауданы әкімдігіне қарасты қызметтік автокөліктер қаладағы «Абай» және «А. Байтұрсынов» ауылдық емханаларындағы мобильді топтарға берілді.

Жалпы 16 автокөлік кезектілік бойынша аталған емханаларда қызмет ететін болады. Бұл бастама медициналық көмекке мұқтаж тұрғындардың шақыртуларына дәрігерлердің тез арада жеткізілуі үшін қолға алынып отыр.

Автокөлік жүргізушілері медициналық маскамен қорғаныш қолғабымен және антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Қосымша автокөліктердің жанар-жағармайлары да қарастырылған.

Бұдан бөлек, ауданда ерікті жастардың бастамасымен «Автоволонтер» қызметі көрсетілуде. Яғни емхана дәрігерлері шұғыл шақырту кезінде белгіленген нөмірлерге хабарласса автокөлік арқылы межелі жерге тегін жеткізіледі. Еріктілердің байланыс номері емханаларға алдын ала берілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<