Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 250 миллионнан асты

551

0

Әлемде SARS-CoV-2 коронавирустың расталған жағдайының саны 250 миллионнан, ал қайтыс болғандар саны 5,05 миллионнан асқан. Бұл туралы ҚазАқпарат. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) сілтеме жасап хабарлайды.

ДДҰ жариялаған мәліметтерге сәйкес, 9 қарашадағы жағдай бойынша 250 154 972 адам коронавирус жұқтырған және 5 054 267 науқас көз жұмған. Ауруды жұқтырғандар саны күніне 370 007 адамға, ал қайтыс болғандар 6 183-ке жеткен.

ДДСҰ-ға түскен инфекцияның расталған жағдайларының көпшілігі АҚШ-та тіркелген – 46 193 234. Одан кейін Үндістан (34 377 113) және Бразилия (21 880 439).

Қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ-та ең көп – 748 615 науқас, екінші орында – Бразилия (609 447), үшінші орында – Үндістан (461 389).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<