Әлеуметтік қызметтер сапасы әркез маңызды

657

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Талсуат елді мекеніндегі әлеуметтік саланың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына барды.

Алдымен өңір басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының жөндеу жұмыстарын көрді. Орталықтың жұмысы туралы директор орынбасары Күміскүл Жомартова баяндады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Үш қабатты орталық ғима­раты 2012 жылы пайдала­нуға берілген. Стационар жағдайында 100 төсек-орын, жартылай стационар жағ­дайында 50 төсек-орын бар.

Орталықта психоневро­ло­гиялық ауытқулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мү­гедек балаларға стационар және жартылай стацио­нар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсе­тіледі.

Мекеме заманауи талап­тарға сәйкес құралдар­мен жаб­дықталған. Емдік каби­неттері, дәрі егу, уқалау бөл­мелері, шаштараз, қол моторикасын дамыту, құммен жұмыс жасау, тұрмыстық бе­йімдеу, сенсорлық еңбекке бау­лу кабинеттері, тренажер, мәжіліс, спорт залда­рымен қамтамасыз етілген. Науқастардың жүріп-тұруына қолжетімді жағдай қарасты­рылған, бейнебақылау камералары орналастырылған, ата-аналарымен және туыс­тарымен кездесу үшін арнайы қонақжай бөлмелері бар. Жыл басында стационар жағдайында 70 бала жартылай стационар жағдайында 81 бала қызметтермен қам­тылды. Бүгінгі күні карантин шектеулеріне байланыс­ты уақытша үйлеріне қайта­рыл­ған.

Мұнан кейін облыс әкімі №2 Қызылорда арнаулы әлеу­меттік қызметтер көрсету орталығында болды. Емдеу мекемесінің директоры Алмат Жұмабаев атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл орталықта стацио­нар жағдайында 380 төсек-орын бар. Ғимарат үш қабатты, қызмет алушылар 8 блокқа орналастырылған. Әр блокта жатын бөлмелер, төсек-орын, тынығу залы, бақылау бекеті, асхана, шомылу бөлмелері, әжетхана қарастырылған.

Жыл басында стационар жағдайында 401 адам, жартылай стационар жағдайында 25 адам қызметтермен қамтыл­ды. Бүгінгі күні жүйке ауруы­мен ауыратын І-ші, ІІ-ші топ мүгедектеріне арналған ор­талықта 372 науқасқа қызмет көрсетілуде.

Сондай-ақ, өңір басшысы мүгедектерге арналған оңал­ту орталығында уақыт­ша орналастырылған №1 Қы­зылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен мүгедектерге арналған оңалту орталығының жұмы­сын назарға алды. Бұл жөнінде №1 Қызылорда арнаулы әлеу­меттік қызметтер көрсету орталығы директорының орын­басары Ержан Ақшалов пен мүгедектерге арналған оңал­ту орталығының директоры Манат Тлеуова таныстырды.

№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көр­сету орталығында стационар жағдайында 180, жартылай стационар жағдайында 100 төсек-орын болса, мүге­дек­терге арналған оңалту орта­лығында жартылай стационар жағдайында 150 төсек-орын бар. Бұл орталықтарда І және ІІ топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзі­не қызмет көрсетуге мүм­кіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеу­меттік қызметтер көр­сетіледі.

Емдеу мекемелерінде ка­ран­тинге байланысты сани­тар­лық-эпидемияло­гиялық шаралар күшейтіліп, стационар жағдайында жатқан науқастарға мамандар екі ауысымда тұрмыстық, меди­циналық қызметтерді бөлме­лерінде 24/7 режимінде көр­сетуде.

Орталықтарды аралау ба­рысында облыс әкімі ем алушыларға жақсы жағдай жасауды тапсырды. Сон­дай-ақ, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болуын ескертті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<