Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған конференция

1163

0

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Британдық Кеңес халықаралық ұйымымен бірге педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ағылшын тілі мұғалімдері үшін пилоттық жобаны іске қосуда.

Бүгін аталған орталықтың Қызылорда облысы бойынша филиалында облыстың ағылшын тілі мұғалімдеріне халықаралық жобасы аясында оффлайн және онлайн режимінде баспасөз конференциясы өтті.

Жиынға Британдық Кеңестің ағылшын тілі жобалары бойынша менеджері Ардақ Бектурова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасының кеңесшісі Нұрсұлу Сүлейменова, «Өрлеу» Қызылорда директоры Бауыржан Елеусінов, филиал қызметкерлері мен аймағымыздың ағылшын тілі пәні мұғалімдері оффлайн және онлайн режимде қатысты.

Филиал директоры конференция жұмысын кіріспе сөзбен ашты. Британдық Кеңестің ағылшын тілі жобалары бойынша менеджері Ардақ Бектурова конференцияға қатысушы ұстаздарға педагогтердің кәсіби өсуге қызығушылығы мен белсенділігін, оқытудың жаңа технологияларына көзқарасын, біліктілікті арттыру бағдарламаларын жетілдіруді атап өтті.

Ал Басқарма төрағасының кеңесшісі Нұрсұлу Сүлейменова министрліктің қолдауымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Халықаралық жобаның маңыздылығына, бағдарламаның модульдеріне тоқталса, ағылшын тілі пәні мұғалімі Қ.Есмамбетова  (С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицей) оқу барысындағы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Конференция барысында жоба қатысушылары сұрақтарына жауап алып, пікір алмасуға, кері байланыс жасауға мүмкіндік алды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<