Аймақтық өнер фестивалі басталды

4535

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалыда еліміздің төл мәдениетін дәріптеп, ұлылардың ұлы ісін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Туған өңір – тұнған өнер» атты аймақтық өнер фестивалі басталды. Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен фестивальдің салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов қатысып, мәдени шараның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар ауыл ішіндегі таланттарды анықтау мен өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдарды қолдауда мұндай шаралардың аса қажет екендігін жеткізді.

Мұнан соң ауданымыздағы мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірақатар азаматтар облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Фестиваль шымылдығын аудандық мәдениет орталығы мен ауыл өнерпаздары ашып, керемет ән мен биден шашу шашты.

Мәдени шара барысында әр ауылдың таңдаулы өнерпаздары өздерін сан қырынан танытып, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Айта кетейік, өнер сайысы 28 ақпан – 26 мамыр күндері аралығында 4 аймақ бойынша өткізілмек. Өнер додасы 6 шілдеде қорытындылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<