Акция өтеді

577

0

«Nur Otan» партиясы ұрпақтар сабақтастығын нығайту және дамыту жолында аға буынның жинақтаған баға жетпес өмірлік, кәсіби тәжірибесіне, адамгершілік құндылықтарына баса мән береді. Тәуелсіздік жылдарындағы елдің дәстүрлері, тарихы мен жетістіктері туралы жас буынға жеткізу мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 1-20 қазан аралығында #ArdagerNurOtan онлайн акциясы өткізіледі. Оған жергілікті жердегі ардагерлер ұйымдары мен «Jas Otan» өкілдері, депутаттар мен қоғамдық пікір көшбасшылары, БПҰ жетекшілері мен мүшелері, қоғамдық кеңестер төрағаларының қатысуы жоспарлануда.

1 қазан – Қарттар күні құрметіне өткізілетін акцияда партияның аймақтық және аумақтық филиалдары санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, еліміздің қалыптасуына зор үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерін, соның ішінде ҰОС және тыл, еңбек ардагерлерін, т.б. құттықтау және қолдау шараларын ұйымдастырады.

Әлеуметтік желілерде арнайы акция іске қосылып, филиалдар аға буын өкілдері қатысуымен бейнероликтер түсіріліп, онда ардагерлер өзі туралы, елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Елбасының мемлекеттің өркендеуі жолындағы баға жетпес үлесі туралы үзінді айтып, кейінгі жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін береді.

Бейнероликтер мен құттықтау посттар акция аясында әлеуметтік желілерде арнайы #ArdagerNurOtan хэштегімен жариялануы тиіс. Акция қорытындысымен республика бойынша ең үздік бейнероликтердің 30 кейіпкеріне ақшалай сыйлықтар табысталмақ.

Осы орайда аға ұрпақ өкілдерін мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз. Аймағымыздың барлық белсенді азаматтарын қазыналы қарттарды мадақтау шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.

Л.Төрешова,

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<