Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

545

0

«Қазгидромет» 9, 10 және 11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймағынан келетін циклон ауа райына әсер  етеді.

10 наурызда оңтүстікте қар мен жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні күшейеді.

Бейсенбіде батыс аймақтарға Солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Ауа температурасы күрт төмендейді.

Ақтөбе облысында түнде бұрқасын болып, оңтүстік-батыс, батыстан екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде тұман түседі. Ақтөбеде түнде бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан боран соғады.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қостанай облысында жел соғып, тұман түседі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Қарағанды ​​облысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, тұман түседі.

Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Айқын

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<