«Алтын белгі» үміткерлерінің білімін тексеру ұсынылды

1222

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білімін тексеру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Тағайындалған күннен бастап маған түрлі мәселелер бойынша жүздеген өтініштер келіп түседі. Олардың арасында «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білімін Назарбаев зияткерлік мектебінде тексеру мәселесі де бар. Бұл мәселені өзім қайта қараймын және балалардың пайдасына шешім қабылданады. Қоғамнан келіп түскен басқа да мәселелер ортақ шешім қабылдау үшін бірлескен талқылауға шығарылады, – деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, білім беру сапасын бағалауда басты назар ішкі және сыртқы бағалау құралдарына бағытталады.

Мектепке дейінгіден бастап ТжКБ-ға дейінгі барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық шеңберін әзірлеу жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<