Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «2027 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңының жобасы және «Жылыту маусымына дайындық барысы» туралы мәселе қаралды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.
Жалпы, жыл басынан бері қалада әлеуметтік экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсім бар. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 100,1, өңдеу өнеркәсібі 122,3, негізгі капиталға салынған инвестиция 103,5, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 100,2, құрылыс жұмыстарының көлемі 121,1, ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 106,6 және бөлшек сауда көлемі 102,8 пайызға жеткен. Ендігі міндет жыл аяғына дейін осы көрсеткіштерді төмендетпей, ұстап тұру қажет. Сондай-ақ бюджеттің игерілуі бойынша нақты шаралар атқарылуы тиіс.
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау үш жылдық мерзімге айқындалатыны белгілі. Алдағы үш жылдықта республикалық бюджеттен тек аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызды жобаларға қаржы бөлінетінін аймақ басшысы атап өтті.
Осыған байланысты, аталған санаттағы жобалар бойынша бюджеттік өтінімдерді толығымен орталық мемлекеттік органдарға ұсынып, 2027 жылы қаржыландыруға қол жеткізуіміз қажет», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Жылу беру маусымына дайындық мәселесі өте маңызды. Қазіргі таңда барлық жылу қазандықтардың қыркүйек айында толық дайын болуы және әлеуметтік нысандардың әзірлік паспорттары тексерілуде. Сонымен қатар, көмір жеткізу жұмыстары тұрақты бақылауда. Шаһар басшысы жылу маусымында көмірге байланысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс деп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.





