Арнайы штабтар құрылды

648

0

Өңірде Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған партияның облыстық, қалалық  және аудандық 9 штабы құрылды. Штаб құрамында 265 партия белсендісі мен жақтастары бар. Жұмыстарға ҚР Мәжілісі мен мәслихаттардағы партия фракциясы мүшелері, қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері, партия белсенділері мен ардагерлері, Жастар қанаты өкілдері және жақтастары қатысады.

#QAHARMAN ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАЛДЫ

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында әлеуметтік желілерде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларын ұлықтау, олардың өшпес ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында #Qaharman челленджі бастау алды.

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Партия филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова  Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының биыл  жүзеге асырылатын жұмыстарының барысы туралы жауапты сала басшыларымен кеңес өткізді. Отырыста тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу, елді мекендерді газдандыру және аймақты сумен қамту мәселелері талқыланды.

ҚАРАЖАТТЫ ИГЕРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті. Онда жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан, орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу және жөндеу бойынша жобаларды іске асыру, қайта жаңғырту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бюджеттен бөлінген қаражатының игерілуі туралы мәселе қаралды.  ZOOM бағдарламасы арқылы өткен жиынға партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Аймағанбетов және жауапты сала өкілдері қатысып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

100 ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК

 «Халыққа көмек» партиялық жоба аясында партия  белсендісі  Таңат Байкенжиев өз қаражаты есебінен 100 отбасына азық-түлік себетін таратты. Қолдауға ие болғандар қатарында көпбалалы аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар мен зейнеткерлер бар.

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ҚОС АУЫЛДА

Мобильді топ мүшелері Қармақшы ауданындағы Көмекбаев және Қуаңдария ауылдарында  көшпелі қабылдау өткізді. Оған 40-қа жуық азамат келіп,  «Қарақ», «Қоңыраулы» су тоспаларын қалпына келтіру, ауылдағы электр желілерінің сымдарын жаңалау, интернет желісінің жылдамдығы мен мектеп, балабақша, жаңа клуб, балалар ойын алаңын салу секілді түрлі мәселелерді ортаға салды. Қабылдау барысында 20-дан астам ұсыныс дереу шешімін тауып, мобильді топ өкілдері ауыл тұрғындарының алғысына бөленді.

ҰЙЫМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйла Төрешова қалалық филиалға қарасты «Шапағат» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Жиында алдағы кезеңде жүзеге асырылатын бастауыш ұйымдар жұмысын бағалау мен олардың рейтингін енгізу және партияластарды халықпен байланыс жасау дағдыларына үйрету бойынша атқарылатын жұмыстар ұйым мүшелеріне түсіндірілді.

«САРБАЗ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!» АКЦИЯСЫ

«Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалы және қалалық білім бөлімі 55/47 әскери бөлімшесімен бірлесіп «Сарбаз болғым келеді!» атты акциясын өткізді. Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында өткен шараға 100-ден аса мектеп бітіруші түлект қатысып, бөлімшеге экскурсия жасап, оқу-жаттығу жұмыстарын тамашалады.

Аптада аймақтық және аумақтық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, тақырыптық қабылдаулар, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы 83 мәдени-көпшілік іс – шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<