Құрылтай

Өңдеу өнеркәсібінде ілгерілеу бар

60

0

Кеше өткен мәжілісте өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Саланың ағымдағы көрсеткіштері талданып, жоспарланған инвестициялық жобалар пысықталды.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жауапты сала басшыларына инвестициялық жобалардың орындалуын тұрақты бақылауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, өндірістік нысандарды жыл соңына дейін толық іске қосуды тапсырды.

Сонымен қатар, өндіріс көлемін ұл­ғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмысты жандандыру міндеттелді. Туындаған мә­се­лелерді жедел шешіп, белгіленген көр­сеткіштерді орындау керек.

Өткен жартыжылдықтың қорытын­дысымен облыстың өңдеу өнеркәсібінде 214,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,8% артқан. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге негізгі салалардағы өндіріс көлемінің ұлғаюы ықпал етті. Атап айтқанда, тамақ өнеркәсібінде 11,3%, кокс және мұнай өнімдерін өндіруде 18,6%, металлургия өнеркәсібінде 6%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 24,8%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісінде 51,4%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату саласында 9,9% өсім болды.

Өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін 42,8 млрд теңгеге 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар толық жүзеге асқанда 380 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір 4 жоба пайдалануға берілді. Олар – «КОМ Хоз Жаңақорған», «Марал Нұр», «Абдулла» шаруа қожалығы және «КЗ Сапа бетон» серіктестіктері. Қалған жобалардың құрылыс-монтаж және іске қосу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

«СБ» ақпарат