Қызылорда облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматқа қатысты іздестіру жұмысының нәтижесі белгілі болды.
Облыстық полиция департаменті хабарлама түскен бойда оны жедел түрде іздестіруге кіріскен.
Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.
— Нәтижесінде жоғалған ер адамның мәйіті жайылым аумағынан батысқа қарай шамамен 800 метр жерден табылды. Алдын ала тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр, — делінген хабарламада.






