ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАБЫН ЕСКЕРГЕН ЖӨН

314

0

Газ баллондарынан болатын оқыс оқиға талайларға залалын келтірді. Естеріңізде болса, осыдан бірер жыл бұрын Белкөл кентіндегі үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, орта жастағы отанасы сол жерде жан тапсырды. Бұл – бір ғана дерек. Осыған ұқсас жайттар қанша десеңізші…

Бүгінгі таңда облыс тұрғын­дарының 60 процентінен астамы табиғи газбен қамтамасыз етіл­ген. Ал қалған 40 процентке жуығы әлі күнге дейін тасымал­ды баллон пайдаланып отыр. Бұл көрсеткішке жаңадан пайда­лануға беріліп жатқан жеке тұр­ғын үйлерді қосса, көлемі әлде­қайда арта түсері анық.

Күнделікті өртке қарсы қыз­метінің «101» және құтқару Қыз­метінің «112» телефондарына тұты­нушылардың газдан улануы сияқты хабарлар түсуде. Қо­ңырауды өңдеу барысында тұр­ғындар тұрмыстық газ баллон­дарын автогаз құю станцияларынан сатып алғаны немесе сұйытылған газ құйғызғандығы анықталады.

Газдың «104» авариялық қыз­меті бұл тұтынушылар тікелей абоненті болмағандықтан, оларға қызмет көрсетпейді.

«Газ және газбен жабдық­тау туралы» Қазақстан Респуб­ликасының 2012 жылғы 9 қаң­тардағы №532-IV Заңына сәйкес, автогаз құю станцияларында сұйытылған газды тұрмыстық газ баллондарына құюға тыйым салынады.

Тұрмыстық газ баллондарына рұқсаты бар  газ толтыру бекеттері мен станцияларында газ құюға, газ толтыруға болады. Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пункттері өз кезегінде:

1. тұрмыстық баллондар­да­ғы сұйытылған мұнай газын са­тып алатын тұтынушыларды або­нент­тік есепке алуды жүзеге асы­руға;

2. толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарам­дылық тұрғысынан тексеруге;

3. газ желісі ұйымының неме­се газ толтыру пункті иесінің тұр­мыстық баллондарды тауарлық бел­гісімен таңбалауды жүзеге асы­руға;

4. тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;

5. газ баллондары қондыр­ғы­ларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда тұтынушылар өзде­рінің тұрмыстық газ баллондарына сұйытылған газын автогаз құю станцияларынан құйып қа­на қоймай, құйылған газдың кө­лемін нормасынан асыруды сұ­райды.

Айта кету керек, тұрғындар жеке басы мен жақындарының қауіпсіздігін сақтауға жете мән бере бермейді.

Осы жағдайлар салдарынан тұтынушылар газдың иісінен уланумен қатар, жарылыс жағ­дай­лары да туындап, адам өліміне әкеліп соқтыруда.

Соңғы үш жыл ішінде облыс аумағында тұрмыстық газ баллондарын тұтыну барысында қауіпсіздік ережелерін сақ­тамауынан 13 төтенше жағдай болды. Газ баллонының ақауынан 10 өрт тіркеліп, 3 рет газдан улану оқиғалары орын алды. Салдарынан 3 адам қаза болып, 20 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы мен қала тұрғындарына сұйытылған газ нарығында газ тарату бойынша халыққа қызмет көрсететін («Тұрангаз»; «Аралгаз»; «Байқоңыргаз» ЖШС) арнайы рұқсаты бар ұйым­да­рының қызметтерін пайдалан­ғандарыңыз абзал.

Облыстық 

төтенше жағдайлар департаменті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<