Автобус «маска тақты»

1172

0

Әлеуметтік желіде маска «таққан» автобустың суреті пайда болды. Әкімдік бұл акцияны кім және не үшін ұйымдастырғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында «маска таққан» автобустың суреті пайда болған. Кей желі қолданушыларына бұл идея ұнаған. Бірақ соның ішінде бұл акцияға қанша ақша жұмсалғанына қызыққандар да болған. 

Алматы әкімдігі суретке қатысты түсініктеме берді. 

«Бұл тасымалдаушының ұсынысы, оған жарнама компанияларының бірі көмектескен. Оған ешқандай қаржы жұмсалмады, тек қалалықтарға маска тағып жүрудің маңызын көрсеткіміз келді. Масканы тек бір автобус «тақты», – деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<