Аудан әкімі ардагерлермен кездесті

232

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан ардагерлерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесуде Ардақ Ибраимов ардагерлердің және тұрғындардың айтылған ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар маңызды мәселелер оң шешімін тапқандығын жеткізді.

Сонымен қатар, аймақ басшысының қолдауымен және бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, тіректі салаларда серпінді қадамдар жасалғандығын айтты.

«Биылғы жылы да ауданда бірқатар жобаларды жүзеге асыратын боламыз.
Атап айтқанда, Ақсу, М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстарына 2023 жылы облыстық бюджеттен 83,0 млн. теңге, 2024 жылға 236,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Мырзабай ахун, Т. Жүргенов және Есет батыр елді мекендерінде электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 3 аудандық маңыздағы жол және 3 елді мекеннің 26 көшесі күрделі жөндеуден өткізіледі.

Оған қоса Есет батыр ауылынан жалпы құны 388,1 млн. теңгеге ауыз жүйесін жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілеті болса, аудан орталығындағы 2 көппәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртылып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тұрғын үй сатып алу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы ауданда екі ірі жоба «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынатын 300 орындық мектеп пен жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Руханият орталығы» ғимаратының құрылыстары басталатын болады.
Музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталығы» ғимаратының биыл құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, мектеп құрылысы келесі жылы ел игілігіне берілу көзделуде»,-деді Ардақ Ибраймов.

Биыл ауданымыздың 85 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтіп, мерейтой аясында жаңа нысандардың халық игілігіне пайдалануға берілетіні туралы жоспарлар бар екендігі айтылды.

Алдағы уақытта да ардагерлеріміздің ақыл-кеңестері арқылы ауданымыздың өркендеп, дамуы жолында қарқынды жұмыстар жалғасын табатын болады.

Жалағаш ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<