Аудандық ауруханада жасалған ота

685

0

Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылының тұрғыны, үшінші топтағы мүгедек Бодаш Байман созылмалы остеомиелитпен ауырады. Бұл – сүйектерге әсер ететін ауыр инфекциялық және қабыну процесі. Жақында науқастың ампутацияланған аяғына дәрігерлер тағы бір ота жасады, сол арқылы іріңнің жиналуын тоқтатты.

–       2015 жылы кездейсоқ жағдайлар кезінде сол аяғымнан айырылып, тізеден төмен ампутацияланды. Содан бері бірнеше рет іріңдеді. Астаналық дәрігерлер өлі аймақты алып тастауға мәжбүр болды. Жақында Дәуірхан, Нұрсұлтан атты аудандық аурухана хирургтары тағы бір ота жасады. Оларға кәсібилігі мен шыдамдылығы үшін алғыс айтамын. Қайта асқынбайды деп үміттенемін, – дейді Б.Байман.

Дәрігерлер пациенттердің өмірі үшін сағат сайын күреседі. Жыл басынан бері хирургтер 100-ге жуық түрлі ота жасады.

–       Хирургия бөлімінде 15 науқас емделуде. Бұл әртүрлі диагнозы бар аудан тұрғындары. Олардың арасында аппендицит, грыжа, жарақаттар бар. Айта кету керек, аудандық ауруханада телемедицина жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. санавиациямен облыстық орталыққа пациенттерді жеткізу немесе дәрігерлерді аудандық ауруханаға ота жасау үшін әкелу мүмкіндігі бар. Науқас тасымалданбаған кезде шұғыл түрде санавиациямен нейрохирургтер, балалар травматологтары және басқа да мамандар келеді, – дейді хирург-дәрігер Нұрсұлтан Ертайұлы.

Жыл басынан бері Сырдария аудандық ауруханасында 4,3 мыңнан астам тұрғын ем алды. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 543,8 млн теңге бөлінді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<