Балалар ауруханасына сый жасады

1074

0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан “Балаларға жылу сыйла” атты қайырылымдық іс-шарасын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сыр сақшылары көпсалалы облыстық балалар ауруханасының 1-педиатрия бөліміне барды. Бұл бөлімде эндокринологиялық және неврологиялық аурулармен ауыратын балалар ем қабылдайды. Жалпы бөлім 20 адамға арналған, мұнда жылына 1500-ға жуық бала ем алады.

Игі шараның мақсаты – балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Шара барысында департамент басшылығы Ардагерлер кеңесінің және жеке құрам атынан облыстық балалар ауруханасы бөлімшесінің асханасына қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары Пазылбек Нәлібаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев  балаларға жылы лебіздерін білдірді.

Өз кезегінде балалар ауруханасының басшылығы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған тәртіп сақшыларына алғыстарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<