Балық шаруашылығын дамыту барысы талқыланды

480

0

Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығында маңызы бар 201 көл бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 173 көл конкурстық негізде 5-49 жылға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 28-і резервтік қорда.

Бүгінде балық шаруашылығын дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда басқарма басшысы М.Құрманбаевтың, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Жұбановтың, Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ж.Сапаровтың және «Балық шаруашылығы Ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалының директоры Т.Барақбаевтың қатысуымен Арал ауданының балық шаруашылығын дамыту мәселесі жан-жақты талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<