Бейсана сенім немесе ұстазыңыз кім?

2393

0

Білімде нені үйренумен қатар кімнен үйренгенің де аса маңызды. Бір үтірдің тұтас сөйлемнің мағынасын өзгертіп жібере алатыны сынды, негізі дұрыс болған ғылымды үйретушісі қоғамға зиянды етуі мүмкін. Сондықтан қандай сала болмасын ұстаз таңдауда қателеспеңіз. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы деп текке айтылмаған.

Жаһандану үдерісінде назарға алуды қажет ететін бір мәселе – миссионерлік қызметтің сатылап өсіп, діни ағымдардың қоғамдағы әр оңтайлы сәтті тиімді пайдаланып тамыр жаюында. Оған бір дәлел «секта», «тоталитарлық секта», «балама діндер», «арандатушы культтер», «жаңа ғасыр діндері» сынды бұрын соңды елімізде қолданылмаған терминдердің қолданысқа енуі. Соңғы жиырма жылдық көлемінде діни бірлестіктерден өзге діни ағымға тән сипаттағы түрлі діни топтар миссионерлік жұмысын заңдастыруға әрекеттенген. Басым көпшілігінің аты беймәлім болғанымен, бұл топтар жаңадан құрылмаған. Тек қазақ даласына шет елден келіп тамыр жаюды көздейтін жасамал ағымдар. Әр қайысысының өзіне тән ерекшелігі мен алға қойған мақсаттары бар. Мәселен протестанттық бағыттан бөлініп шыққан секталардың көксегені өзге ұлт өкілдері арқылы жақтастарын арттыруды көздейді. Ислам дінінен бөлініп шыққан түрлі ағым өкілдерінің үй ішінен үй тіккісі келетіндігі де жасырын емес. Елімізде орын алған қанды қырғындар мен заң бұзушылықтар сөзімізге тұздық.

Шетелдік миссионер деген кім? Миссионер – психологиялық дайындықтың түрлі сатысынан өткен әккі тәжрибелі маман. Сала мамандарына белгілі миссиология ғылымының ішіне бүккені көп. Аталмыш топтың үлкен теражбен тұрақты шығып отыратын ғылыми журналдары, базалық мектептері, комерсиялық агенттіктері бар. Бұл топтың өміршең келуінің бір себебі осы. Ал, ең қорқыныштысы – топтар арасында дүниетанымдық тақырыптарда пікірталас болғанымен, миссионерлік біртұтас қозғалыс.

Қандайда бір діни топтың немесе қауымдастық атын имемденген топтың әуелгі мақсаты – қолдаушыларының санын өсіру арқылы негізгі көздегеніне қол жеткізу.

1981 жылы  сол кездегі Мысыр Араб Республикасының(көне атауы) президенті Анвар Садат жанкештілер қолынан қаза тапты. Лаңкестік жасағандар радикалдық діни топқа мүшелік еткен. Қанды қол қылмыскер қолға түсіп, тергеуші жауап алу барысында Анвар Садатты не үшін өлтіргендігін сұрайды. Сонда қылмыскер, лаңкестік әрекетін марқұм экс президенттің зайырлылық қағидатын қолдауымен байланыстырған. Тергеуші зайырлылық туралы не білетіндігін сұрағанда, ол туралы ештеңе білмейтіндігін айтқан екен.

2006 жылдың 30 тамызында әдебиет бойынша Нобель сыйлығы иегері Нагиб Махфуз радикалды діни топ қолынан қаза табады. Сот барысында қылмыскерден судия ондай қадамға не үшін барғанын сұрағанда, жазушы ислам дініне қарсы еңбектер жазғанын алға тартқан. Судия автордың қандай кітаптарын оқығанын қайта сұрайды. Сонда қылмыскер өзінің мүлдем оқу білмейтінін жеткізген.

Жоғарыдағы екі оқиға да соқыр сенімге тікелей қатысты. Қандайда бір «ұстаздың», радикалдық діни ұйымның дінді теріс түсіндіруінің салдары әлгіндей жанкештілікке әкеліп соқты.

Қандай кітап оқып жүрсіз?

Кімді ұстаз тұтасыз?

Құрметті оқырман, мән беруіңізді сұраймыз.

Қожахмет Кеңесбеков,

                                                                               дінтанушы маман

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<