Бидайға орақ түсті

1026

0

Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылында бидайға орақ түсті. Мұнда өңірдегі іргелі шаруашылықтардың бірі «Абай-Дәулет» ЖШС жұмыс істейді. Ауылдың 256 азаматы отбасының нәпақасын егін шаруашылығынан айырып отыр.

– Биыл біз 2400 гектар жерге ресейлік янтарь, лидер күріш сорттарын ектік. Ал 700 гектар жерге бидай ектік. Ескі жоңышқаның көлемі 1000 гектарға жетеді. Бидайдың шығымдылығы жақсы. Дегенмен, енді ғана орып бастадық. Өнімі жинап болғанда белгілі болмақ, – дейді «Абай-Дәулет» ЖШС директорының орынбасары Жасұлан Тұрлыбеков.

Жергілікті жұртшылық бидайды малазықтық дақыл ретінде пайдаланады. Шаруашылық жұмысшылары айлық жалақылары есебінен жаздырып алады. Ал серіктестік бидайды ауыспалы егіс аясында ақ егісте бүркеме ретінде қолданып отыр. 

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<