Білім беру жүйесінде жаңа пән пайда болады

348

0

Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова мәлімдегендей, енді мектеп қабырғаларында домбыра ойнауды үйрететін пән пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу қажеттігін атап өтті. Қазір оқыту бағдарламасы сараптамадан өтіп, кейін барлық білім беру ұйымдарына жіберілетін болады.

«Ұлттық құндылықтар – өте маңызды. Біз өз Отанын сүйіп қана қоймай, оған адал, өз халқы мен Отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын азаматтарды қалыптастыруымыз керек. Бірақ бұл барлық балалар пәнді тез үйренеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады», деді Алмагүл Мұхамедханова елордада өткен білім беру мәселелері жөніндегі тамыз конференциясында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз