Бір аптада елімізде 3 мыңнан аса қылмыс жасалды – ІІМ

400

0

Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 190 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми өкілдің дерегінше, өткен апта ішінде республика аумағында 3 190 қылмыс жасалған. Оның 2 166-сын құқық қорғау органдарының қызметкері бір тәуліктің ішінде әшкерелеген.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 34 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<