Бір күнде 13 кәсіп иесіне анықтама толтырылды

744

0

Қызылорда қаласында карантиндік талаптарды сақтамаған 13 кәсіпкерлік нысан анықталып, кәсіп иелеріне анықтама толтырылды.

Қала әкімдігі, эпидемиологтар және ішкі істер органдарының қызметкерлерінен құралған арнайы мониторингтік топ төрт бағытта жұмыс жүргізді. Мақсат кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзу фактілерінің жолын кесу. Рейд кезінде карантин тәртібін бұзған бірқатар кәсіпкерлік нысан анықталды. Оның басым бөлігі маска тағу және қорғаныш қолғабын кию міндетті талаптарын бұзған.


Сонымен бірге дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарының шекті уақыттан тыс жұмыс жасап тұрғандығы анықталды. Мәселен, Қорқыт ата 3а мекен жайында орналасқан «Саламат» дүкенінің иесі жарықты өшіріп қойып, 22:30 ға дейін жұмысын тоқтатпаған. Ал Байтұрсынов көшесінің бойындағы «Коммуналка бар» кафесінде келушілердің жиыны 23:00 ге дейін жалғасқан. Олар мониторингтік топтың араласуымен ғимаратты босатып, үйлеріне қайтарылды. Кәсіп иесі болса бас санитарлық дәрігердің қаулысымен таныс емеспін деп жауапкершіліктен жалтармақшы болды. Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов бастаған мобильді топ карантиндік талаптарға құлақ аспаған кәсіп иелеріне заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, анықтама толтырылып, шара көру мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі басқармасына жолданды.


Рейд кезінде жұмысшы топты көре сала есікті ішінен іліп, кәсіпкерлік нысанға тығылған азаматтар да кездесті.


Бұған дейін де арнайы мониторингтік топ қала аумағындағы санитариялық режим талаптарын бақылау мақсатында күнделікті кәсіпкерлік нысандарды аралап, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келді. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 116 анықтама толтырылып, сотқа жолданып, 8 кәсіп иесіне шара көрілген. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<