Биыл Құрбан айт намазы оқылмайды – Бас мүфти

539

0

31 шілде күні Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алла қаласа, биылғы Құрбан Айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», – деді Бас Мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз