Бюджетті талқылау жалғасуда

428

0

Бүгін экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет» жобасын талқылауға байланысты кеңейтілген кезекті отырыс өтті. Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Кеңейтілген отырысқа депутат Талғат Өмірзақұлы төрағалық етті.

Комиссияның екінші күнгі отырысында «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет» бойынша облыстық денсаулық, жер қатынастары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, білім, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, архивтер және құжаттама, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, ветеринария басқармасының басшысы хабарлама жасап, 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетке қатысты негізгі басымдықтар талқыланды.

Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша облыстық мәслихат депутаттары өз пікірлерін білдіріп, қойған сұрақтары бойынша тиісті жауаптарын алды. Депутаттар бағдарлама әкімшілеріне ішкі түзетулер мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мәселелерді қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге, комиссия мүшелері нысаналы индикаторлардың тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеуін болдырмау үшін жобалардың тиімділігіне әуелбастан терең талдау жасалуы тиіс екендігіне тоқталып, бұл қаражатты үнемді пайдаланудың бірден-бір жолы екендігін ескертті.

Отырыс соңында басқарма басшылары депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, аталған кейбір мәселелердің кезең-кезеңімен орындалатындығын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<