Бурак Озчивит Тәуекел Мүсілімді киноға шақырғаны рас па?

377

0

Жуырда танымал түрік актері Бурак Озчивит Алматыға келді. Республика сарайында өткен іс-шараны Тәуекел Мүсілім тізгіндеген болатын. Аталған кеш барысында Бурак Озчивит отандық актерді түрік киносына түсуге шақырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алайда,бұл жай тілге тиек етілген ұсыныс екенін Тәуекел kznews.kz тілшісіне берген экслюзив сұхбатында ашық айтты.

«Бұл жай ғана сахнадағы ұсыныс болды. Көрерменнің алдында әдемі сұхбат барысындағы абырой үшін айтылған әңгіме ғой. Әлі бір анық нақты ұсыныс деп айта алмаймын. Алайда, болашақта өзіміз түрік еліне барып, бағымызды сынаймыз», – деп ағынан жарылған Тәуекелдің кинотаңдауда өз принциптері де бар екен.

«Әрине, киноларға шақырту алған кезде өзімнің қоятын талаптарым бар. Бірақ, түрік еліне баратын болсам ешқандай талап қоймаймын. Бастысы, сәтті әрі танымалдылығымды арттыратын жоба болуы қажет. Менің өнердегі басты принциптерім: әуелі танымалдылық пен абыройға адал жұмыс жасау керек. Ал райдер туралы кейін ойланып, қарастыруға болады. Бірінші атыма жұмыс жасасам, кейін менің атым өзіме жұмыс жасайды», – дейді Тәуекел Мүсілім.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<