Дәрігерлер денсаулық күнін атап өтті (видео)

474

0

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні. Атаулы күнге орай Көпбейінді облыстық аурухана ұжым қызметкерлері дене жаттығуын жасап, футбол ойнап сайысты. Бұл күн денсаулықтың маңыздылығы мен ауруды дер кезінде алдын алу қажеттігін еске салады. Әр адам салауатты өмір салты, спорт, дұрыс тамақтану қағидаларын берік ұстанғаны абзал. Сондай-ақ дәрігерге уақытында қаралу, үнемі медициналық тексерістен өту және дәрігер кеңесіне құлақ асқан орынды. «Денсаулық — зор байлық» деген. Өзімізбен жақындарымыздың саулығына мән берейік!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<