Дәріханаларға мониторинг жұмысы жүргізілді

721

0

Арал аудандық прокуратурасының бастамасымен қадағалау аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасының тұрақтылығына, негізсіз қымбаттатып сатуды болдырмау мақсатында мониторинг жүргізілді.

Мониторинг жүргізу барысында Арал қаласында орналасқан 3 дәріхана дәрілік заттарды қымбат бағамен сатып жатқаны, 1 дәріхананың Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілерді сатқаны анықталса, әлеуметтік желі арқылы 1 жеке тұлға дәрілерді ешқандай рұқсат құжатынсыз заңсыз сатумен айналысқандығы анықталды.

Мысалы, Арал қаласында қарапайым «Ацетилсалицил қышқылы» (аспирин) дәрісінің шекті бағасы 63 теңге болса, ол дәріханаларда 150 теңгеден сатылып отырған.
Сол сияқты, «Терафлю» дәрісінің шекті бағасы 1994 теңге болғанына қарамастан, ол дәріханада 3000 теңгеден сатылып отырған.

Осы орайда аталған деректер аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін фармацевтикалық бақылау саласындағы құзырлы органға жолданып, әкімшілік шаралар көрілді.

Бүгінде аудандық прокуратурамен дәрілік заттардың бағасын заңсыз өсіру фактілерін болдырмау бағытында мониторинг жұмыстары жалғасын табуда.
Дәрілік заттардың шекті бағасын «DariKZ» мобильді қосымшасынан біле аласыз.

Егер Сіз дәрілік заттарды қымбаттатып сатудың куәсі болсаңыз Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау комитетінің колл-орталығына 109 және 1439 нөмірі арқылы немесе аудандық прокуратураның 2-19-94 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.

Арал аудандық прокуратурасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<