ДДҰ-ның дерегі көңіл көншітпейді

407

0

Өткен тәулікте елімізде 2480 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында  796 науқас анықталса,  Алматы қаласында  – 722. Ал біздің  облыста  40 жағдай нақтыланды.

ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың  22 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Аурудың алдын алудың, одан сақтанудың тиімді жолы екпе салу екені белгілі. Осы ретте елімізде  коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 542 843 адам, 2-компонентін 9 324 915 адам салдырған. 

ВАК 21 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1230 785 адам, ал ІІ дозасын 1 175 838 адам салдырғанын хабарлады. Оның ішінде, І компонентін 869196 жасөспірім, 41278 жүкті әйел, 145087 бала емізетін әйел, ІІ компонентін 849116 жасөспірім, 38931 жүкті әйел, 140154 бала емізетін әйел қабылдаған.

Әлемдегі ахуал да оңып тұрған жоқ. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирустың омикрон штаммының кіші нұсқаларынан туындаған COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады. Сондықтан ол Еуропа елдерін вакцинация мен бетперде тағуға қатысты жедел шаралар қабылдауға шақырды.

ДДҰ өкілінің айтуынша, кейінгі алты аптада Еуропада коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының саны үш есе өсті. Ал өткен аптада 3 миллионға жуық науқас тіркелді, бұл әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың жартысына жуығын құрайды. Клюге күн салқындаған сайын коронавирус қарқынды таралатынын айтты.

«Бүгін ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы инфекцияның алдағы толқындарына дайындалуға көмектесу үшін коронавирус және басқа да тыныс алу вирустарымен күресудің күзгі-қысқы стратегиясын жариялады. Әрекет ету үшін күздің келуін күтсек, тым кеш болады», деді бюро директоры. Стратегия, атап айтқанда, халықты вакцинациямен қамтуды ұлғайтуды, үй-жайларда және қоғамдық көлікте бетперде тағуға ынталандыруды, жабық үй-жайлардың желдетілуін күшейтуді көздейді» деді ол.

Осы орайда мамандар тұрғындарды сақтық шараларына салғырт қарамауға шақырады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<