Диас Есдәулетов ҚР ПМК Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі орынбасарының м.а. болып тағайындалды

459

0

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Премьер-Министр Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі орынбасарының міндеттерін атқару Диас Рахметұлы Есдәулетовке — ҚР ПМК АТО жедел ақпарат секторының меңгерушісіне тапсырылды.

Диас Есдәулетов 1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джао Тонг Шанхай университетін «Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылғы қаңтарда бастаған. Әр жылдары «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-да, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да қызмет еткен.

2012–2015 жылдары «Қазконтент» АҚ-да: маман, ақпараттық-талдау орталығының басшысы, жобаларды басқару департаментінің директоры, медиа жобалар бойынша басқарушы директор қызметтерін атқарған.

2015–2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де басқарма басшысы лауазымын атқарған.

2016 жылғы шілде айында мемлекеттік қызметке қабылданған. 2017 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі болып еңбек еткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<