Дьюти-фриде тұрып жатырмыз — Дубай әуежайында қалып қойған туристер

194

0

Фото: Pexels

Парсы шығанағы елдерінде нөсер жаңбыр жауып, ол су тасқыны мен көліктердің тоқтап қалуына себеп болды. Табиғи апат салдарынан 20 адам қайтыс болды, олардың көбі Оманда. Дубай әуежайы су астында қалды, деп хабарлады ВВС.

Біріккен Араб Әмірліктерінде жолаушы тасымалы жағынан әлемде бірінші орында тұрған Дубай халықаралық әуежайының жұмысы тоқтап қалды.

Әуежайдың перрондары, такси және ұшу-қону жолақтары су астында қалып, жүздеген рейс тоқтатылды.

«БАӘ-дегі бұрын-соңды болмаған ауа райына байланысты Дубай халықаралық әуежайындағы рейстер кешіктірілді. Дубай әуежайлары жолаушыларға рейсінің ұшатыны туралы авиакомпаниядан растау алмаса, 1-терминалға бармауға кеңес береді» деп хабарлады әуежайды басқару компаниясы.

Сәрсенбіде Дубай әуежайына және одан шығатын 270-тен астам рейс тоқтатылды, тағы 370 рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды FlightAware.

Негізгі байланыстырушы хаб саналатын және барлық континенттер рейстеріне қызмет көрсететін әуежай басшылығы әуежай жұмысын қалпына келтіру уақытты қажет ететінін ескертті.

штаб-пәтері Дубайда орналасқан Emirates әуе компаниясы бейсенбіге дейін рейстеріне тіркелуді тоқтатты, соның салдарынан терминалдары жолаушыларға лық толды.

«Біз дьюти-фриде тұрып жатырмыз» дейді тіркелу аймағында қалып қойған туристер.

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясының Дубайға рейстерін тоқтатып жатқаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушы әуе компанияның 289 жолаушысы су басу салдарынан жабылып қалған рейстерді күтіп отырғанын хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<