Ел дамуына еңбек сіңірген азаматқа құрмет көрсетті

396

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбайұлының «Қазалы несие» ЖШС басқарма төрағасы қызметін аяқтауына байланысты арнайы жиын өтті.

Басқосуда аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ғибратты ғұмырында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, абыройлы қызмет еткен Қасқырбай Әлімбайұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз алып, қажырлы еңбек пен берекелі бейнеттің зейнетін көріп отырған азаматқа шынайы алғысын жеткізді.

Қасқырбай Әлімбайұлы – еңбек жолын 1965 жылы Энгельс атындағы совхозда жұмысшы-механизатор болып бастап, аудандық Агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы, Қазалы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры, КС «Қазалы несие» ЖШС басқарма төрағасы, мұнан бөлек Қазалы аудандық Кеңесінің депутаты, аудандық партияның бюро мүшесі, облыстық партия комитетінің мүшелігіне сайланып, IV, V, VI шақырылған Қазалы аудандық мәслихатының депутаты қызметтерін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<