Елбасы күніне ерекше тарту

1606

0

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күніне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» мерекелік марафоны басталды.

Таңертең NIS-тің барлық YouTube арналарында бір уақытта Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дәулеткерей Шығайұлының және Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалды. ⠀

Сыр өңірі зияткерлері, ұстаздары мен ата-аналарынан құралған өнерлі топ күй атасы – Құрманғазының көңілді «Балбырауын» шығармасымен көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Тұңғыш Президентіміз – Елбасының сүйікті аспабы домбыраны қолымызға алып, ұлттық өнерімізді насихаттауға ерекше қызығушылық таныттық. Себебі қазақ мәдениетін өркендетіп, рухани жаңғыруда бұл шараның маңызы зор», – деп бөлісті ойымен флешмоб қатысушысы, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы Жангерей Зинелов.

Бірінші желтоқсанға қызылордалық зияткерлер ауқымды бағдарлама жоспарлаған. Мерекелік марафон барысында «Елімнің бағы – Елбасы» атты онлайн концерт, эссе байқауы, Н.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы тақырыбында шаңырақ сағаттары өткізілетін болады.

Сонымен қатар сынып белсенділері мен ата-аналар интеллектуалды ойындарда бас қосып, Ұлт көшбасшысының ел дамуына арналған жобалары мен ғылыми еңбектері жайында білімдерін шыңдайтын болады.

Мереке күндері «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану экспедициясы қорытындыланып, оқушылар жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғайтын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<