Елбасы праймеризде дауыс берді

756

0

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев праймеризде дауыс берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты. Дауыс беру басталар алдында Елбасы партияішілік іріктеуге қатысушылардың үгіттеуі мен пікірсайысын мұқият қадағалағанын атап өтті», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<