Елордадағы жәрмеңке ертең де өтеді

1027

0

Елордада Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Сыр­бойылықтар бұл шара­ға 140 тонна күріш, 20 тонна балық, 150 тон­на бақша өнімдері, 40 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 5 тонна сүт және кондитер өнімдері, жалпы 400 тонна азық-түлік әкелген болатын.

Жəрмеңкеге облыстың 7 ауданы мен Қызылорда қаласы жəне «Байқоңыр» ƏКК» АҚ қатысуда.

Сенбілік саудада сұраныс пен ұсыныс бір-бірін адаспай тапты.

Елорда тұрғыны Əсем Жапарова:

– Әр аптаның демалыс күндері болатын жəрмеңкені асыға күтеміз. Себебі, мұнда елордалықтар үшін азық-түлік, бақша өнімдері мен дақылдары арзан бағамен сатылады. Мəселен, Қызылорда облысы жəрмеңке ұйымдастырса күріш пен балық алуға тырысамыз. Мұнда күріш елодадағы кез келген дүкеннен арзан. Қалада оның келісі 350 теңге болса, мен 250 теңгеден 1 қабын алдым. Сондай-ақ, дəсі ерекше Аралдың балығын, Жаңақорғанның қауынын сатып алдым.

Айта кету керек, жәрмеңке ертең де ұйымдастырылады.

Дәуіржан Елубаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<