Емхана жұмысымен танысты

343

0

Кеше облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі эпидемологиялық ахуалға байланысты қаладағы №3 және №6 емханада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен коронавирус инфекциясының алдын алу және оны таратпау мақсатындағы негізгі  жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов айтып берді. Сонан соң амбулаториялық жұмыстар жөнінде №3 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлстан Әубәкiрқызы, №6 қалалық емхана бойынша Жанат Шайхисламқызы мәлімдеді. 

Айта кетейік, №3 емхана ауысымына 500 тұрғын қабылдай алады. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емхана «Сәулет», «Арай», «Самал», «Саяхат», «Шұғыла», «Ипподром», «СПМК-70» және «Сырдария» шағын аудандарының халқына 2012 жылдың маусым айынан бері медициналық қызмет көрсетеді. Аталған емханадан жыл басынан бері 322 науқас ем алған. Қазір 8 пациент амбулаторлы-медициналық бақылауда. Мұнда тiркелген барлық ересек тұрғындарға вакцинаның бірінші және екiншi кезеңі толықтай салынды. Мәселен, 15918 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы ревакциналаудан өткен.  Ал №6 қалалық емханаға тіркелген 38 800 тұрғын түгелге жуық екпе алған.  

Бүгінгі таңда аталған емханаларда жеке қорғаныс құралдары қоры жеткілікті. «Коронавирус инфекциясымен күресу мен аурудың алдын алуда тұрғындарға екпе салу жұмыстары емханаларда тиістi деңгейде атқарылып жатыр. Түсіндірме жұмыстары да кең көлемде жүргізілуде» дейді мамандар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<