Еріктілер дәрігерлерге «Алғыс себетін» таратты

1436

0

«Дәрігерге мың алғыс» акциясы аясында «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филалының еріктілері адам өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыстарын «Алғыс себеті» арқылы жеткізді.

Акцияның мақсаты – пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған медицина қызметкерлеріне жастар атынан алғыс білдіру, оларға қолдау көрсету.

Қазалы, Жаңақорған, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында ұйымдастырылған  акция барысында барлық сақтық шаралары   ескерілді.

Акцияға 25-тен астам ерікті жұмылдырылып, 290 медицина қызметкерлеріне иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынғансебеттер табысталды.

«Алғыс себеттерін» дайындауға «Авто-Лидер Қызылорда» ЖШС-нің директоры Нұрболат Ибраев қолдау көрсетті.

.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<